$ 495.2  522.34  4.94

«Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген» деп айыпталған әйел қанша жылға сотталады?

Мұндай қылмысты 30 жыл бойы білген адам осылай жасай ма? Оның шынайы ниеті – жәбірленушілердің сеніміне кіріп, қаражатын иелену. 

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Астана сотында Бишімбаевтың туыстарынан 100 миллион теңге жымқырған әйелге қатысты талқылаудың бірінші бөлігі өтті.  Бұған дейін айыпталушы Людмила Грачева, экс-министрдің 1995 жылы жасаған қылмысын ашу үшін Бишімбайлар әулетімен қайта байланысқа шыққанын айтқан, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Әділдікті қалайтын адам Людмила Грачева сияқты әрекетке бара ма? Мұндай қылмысты 30 жыл бойы білген адам осылай жасай ма? Оның шынайы ниеті – жәбірленушілердің сеніміне кіріп, қаражатын иелену. Ал оның ескі қылмыс туралы әңгімесі ойдан шығарылған", – деді прокурор Азамат Тоқтарбай.

Оның айтуынша, филологиялық сараптама Грачеваның өзі Бишімбаевтың анасына қазылар алқасына пара беруді ұсынып, оны қылмыс жасауға көндіргенін растады.

Прокурор жарыссөзде Людмила Грачеваны барлық баптар бойынша ("Ерекше ірі көлемдегі алаяқтық", "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу", "Аса ірі көлемде пара беру", "Арандату") кінәлі деп тануды сұрады. Сондай-ақ мүлкі тәркіленбей, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан және 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Мемлекеттік айыптаушы жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының 15 және 6 жастағы ұлдарын барын ескерді.

Сотталушының мүддесін қорғаған адвокат Оксана Шевченко Людмила Грачеваны толық ақтауды сұрады.

"Осы жерде мынадай сұрақ туындайды: неге жәбірленуші мүлде танымайты Грачеваны үйіне кіргізеді? Онымен сөйлесіп, телефон нөмірін алып қалды. Ол мұндай істі қандай себептермен жасады?” – деп сұрады адвокат.

Грачеваның кінәсін мойындамады. Ол бұл қадамға өз болашағы мен қауіпсіздігі үшін барғанын айтты.

"Бишімбаевтың атышулы ісіне қатысты менің бір сұрағым бар. Бұл сұрақ сізде де болуы керек. Егер жәбірленуші мені танымаса, үйіне кіргізер ме еді? Оның үстіне ол блогерлер тарапынан да шабуыл болғанын айтты. Негізі бейтаныс адамды ешкім үйіне кіргізбейді", – деді сотталушы.

Сотталушы журналистерден өзін де, адвокатын да суретке түсірмеуді өтінген. Жәбірленуші Альмира Нұрлыбекованың мүддесін қорғаған адвокат Ерлан Ғазымжанов сотталушының қылмыстың салдарының ауырлығын біле тұра бұл іске барғанын айтты.

"Сотталушы жәбірленушілердің қиын жағдайға тап болғанына қарамастан қомақты ақша сұраған. Үйге баса көктеп кіріп, ауыр қылмыс жасауды ұсынған”, – деді Ғазымжанов.

Оның айтуынша, Грачева қылмыс жасау кезінде "бұл ақшаны қалай жұмсайтынын елестетіп" туристік фирмаға барған. Іс әлі сотта қаралып жатыр.

Еске салайық, 2024 жылы 13 мамырда Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 21 маусымда Астана тұрғыны Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетемін деген желеумен, алдау арқылы 100 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары