Ал қоғамның қысымы жағдайды қалай өзгерте бастады, зорлық-зомбылық құрбандарына деген көзқарас өзгерді.
Ресейлік тележүргізуші және журналист Ксения Собчак марқұм Салтанат Нүкенованың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Өздеріңіз білесіздер мен көктемде Қазақстанға қайғылы жағдайда келдім. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған Салтанат Нүкенованың соты туралы айтып отырмын. Мен қоғамдық резонанс тудырған мәселені ашық көрсетіп, дұрыс шешім қабылдағаны үшін Қазақстанды мақтан тұтамын", - деді ол.
Оның айтуынша, сананы өзгерту ең қиын нәрсе және оны біртіндеп жүзеге асыру керек.
"Ал қоғамның қысымы жағдайды қалай өзгерте бастады, зорлық-зомбылық құрбандарына деген көзқарас өзгерді", - деді Ксения Собчак.
Сондай-ақ, ол қазақстандық әйелдердің нәзік әрі ер мінезді екенін тілге ерекше атап өтті.