Мен ешкімді шулатқан жоқпын ғой.
Әнші Жанар Айжанова Талғардағы қанды оқиғадан кейін өзіне негатив пікір жазатындардың көбейгенін айтып, ренішін білдірді. Өнер иесі жаман пікір жазған адамның үстінен арыз жазып, елге көрсететінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жанар Айжанова өзінің інісін 12 жыл бұрын атақты кісілердің өлтіріп кеткенін айтып, Шерзаттың жақындарының жағдайын түсінетінін жеткізді.
«Маған бір әйел жазыпты, «үйіңдегі әлдеқандай қылып өсіріп отырған немереңді өскен кезде бандиттер бауыздап өлтірсін, мен соны тілеймін» депті. Сонда сендер қандай анасыңдар? Ауыздарыңа келгенді оттап жатырсыңдар. Қызымды жерден алып, жерге салып жатыр. Мен ешкімге ештеңе деген жоқпын ғой. Мен мұндай нәрсені жақсы түсінемін. 12 жыл бұрын менің де інімді өлтіріп кеткен. Атақты адамдар екен, істемегендері жоқ. Мен ешкімді шулатқан жоқпын ғой. Өзім шештім. Мені де тұқымыңмен құртам деп қорқытқан. Біреудің баласына өлім тілеп отырғандар: солардан қай жерлерің артық? Мен ешкімнің отбасына араласпаймын. Не істейсіңдер маған?», - деді ол.
Еске салайық, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.