18.10.2024, 15:20

Қарағанды облысындағы шахтада апат болып, үш адам жарақаттанды

Фото: Pixabay

Екеуі амбулаториялық ем қабылдап жатыр, біреуі ауруханада, жағдайы ауыр.

Қарағанды облысындағы шахталардың бірінде үш кенші жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаңалық жергілікті БАҚ-та жарияланды.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы кеншілердің жағдайы туралы мәлімет берді.

«Екеуі амбулаториялық ем қабылдап жатыр, біреуі ауруханада, жағдайы ауыр, барлық қажетті медициналық ем-дом көрсетіліп жатыр», - деп жауап берді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнұр Әбдиева.