$ 487.24  529.34  5.02

Белгілі геолог Әділ Нұрманов дүние салды

1974 жылы Әділ Молдашұлының Қаражанбас кен орнын ашу үшін сіңірген зор еңбегі тарих парағында алтын әріппен жазылды.

Фото: kbm.kz
Фото: kbm.kz

Белгілі геолог Әділ Нұрманов өмірден өтті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

17 қазан күні белгілі ардагер-геолог, Қаражанбас кен орнының ашылуына себепкер болған Әділ Молдашұлы Нұрманов 90 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

"Қаражанбасмұнай" АҚ басшылығы мен еңбек ұжымы оның отбасына, жақын-жуық туыстарына қайғырып, көңіл айтады", - делінген компания хабарламасында. 

Әділ Нұрманов - 1934 жылы 5 қарашада Маңғыстау облысы Таушық ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Алматыдағы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін геология саласы бойынша аяқтаған алғашқы түлектердің бірі. Оқуын тәмамдаған соң жолдамамен туған жеріне оралып, "Маңғыстаумұнайгазбарлау" тресі құрылғанда өңірдегі барлау жұмыстарына қатысып, кейін көптеген барлау экспедицияларына жетекшілік етті. Осы арқылы өлкедегі бірқатар кен орындарының ашылуына себепкер болды.

1974 жылы Әділ Молдашұлының Қаражанбас кен орнын ашу үшін сіңірген зор еңбегі тарих парағында алтын әріппен жазылды. Сондықтан ҚБМ қызметкерлері оның игі істерін әрдайым құрмет тұтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары