20.10.2024, 16:30

Астанада құрылысы жүріп жатқан ғимараттан өрт шықты

Фото: ТЖМ

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Бүгін Нұра ауданында Қазыбек би көшесі бойындағы салынып жатқан ғимараттардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

ТЖМ күштерімен өрт алдын ала 40 шаршы метр алаңда оқшауланды. Нақтыланған мәліметтер бойынша жаңа ғимараттың бірінші қабатында құрылыс материалдары мен жылытқыш жанды.