20.10.2024, 18:30

Ақтөбеде балаға азғындық жасады деген күдікті өзіне қол жұмсады

Фото: Pixаbay

ҚАЖД мәліметінше, зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.

Ақтөбе тергеу изоляторында балаға азғындық жасады деген күдікке ілінген ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Аktobetimes.kz жазғандай, күдікті өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

ҚАЖД мәліметінше, зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.

"Ақтөбе қаласының аралас қауіпсіздік мекемесінде тергеу-қамауға алынған, 16 жасқа толмаған балаға азғындық жасады деген күдікке ілінген адамның өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы тіркелді. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылған жоқ. Осы дерек бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Ақтөбе облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

Тегтер: Ақтөбе түрме