$ 494.87  520.65  4.91

ҚТЖ-да филиал басшысы жоқ адамдарды жұмысқа орналастырып, жалақысын өзі алып отырған

Тергеу барысында 21 млн теңге шығын дәлелденді.

Фото: Қазақстан теміржолшысы
Фото: Қазақстан теміржолшысы

ҚТЖ ревизорлық  комиссиясы ішкі тексерулер барысында «ҚТЖ»ҰК» АҚ – «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалында қызметкерлердің формальды еңбек қызметінің (өлі жандар) фактілерін анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына берілді. 

Осы фактіге қатысты Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізді.  Тергеу барысында 21 млн теңге шығын дәлелденді. 

«Филиал басшысының тапсырмасы бойынша формальды жұмыспен қамтылған адамдар жеке тұрғын үй құрылысына қатысқаны анықталды. ҚТЖ жәбірленуші тарап деп танылды. Қазіргі уақытта іс материалдары Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралуда. ҚТЖ тергеуге толық көмек көрсетеді», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары