Енді қалмағаны сол еді...
Желіде өзін бақсы, жұлдыздарға, шенеуніктерге кеңес беруші ретінде таныстырған Руслан есімді емші табыс табу туралы пікір айтамын деп жұрттың ашуын тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол ер адамның мол табыс табуы үшін әйелі оның іш киімін иіскеп тұру керек екенін айтты.
«Егер күйеуіңіз көп ақша тапсын десеңіз, оның іш киімін жумас бұрын жақсылап тұрып иіскеп алыңыз. Өзіңіздің энергияңызды беріңіз. Содан кейін жуып, үтіктеңіз. Сіздің күйеуіңіз өте көп ақша табады. Сол кезде иерархия сақталады», - дейді бақсы.
Видеоның астына желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Күйеуі жоқтар не істеуі керек?», «Ертерек неге айтпадыңыз?», «Ақшасыз жүргенім жақсырақ», «Байларымыз көрмесін, күлкіден өліп жатырмын», «Енді қалмағаны сол еді», - деп жазды желі қолданушылары.