$ 494.87  520.65  4.91

Астанада төрт жыл бұрын жоғалған ер адам аман-есен табылды

Полицияның үйлесімді әрекеттерінің арқасында ер адам табылып, отбасымен қайта қауышты.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астанада туыстары 2020 жылдан бері іздестірген 48 жастағы азамат табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана қаласының Полиция департаменті Instagram-дағы парақшасында елорда аумағында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге және іздеуде жүрген адамдарды анықтауға бағытталған "Қаңғыбас" атты жедел алдын алу  шарасы өткенін хабарлады.

Рейд барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 4 қылмыскерді, сондай-ақ құқықбұзушылық жасады деген 6 адамды ұстаған.

"Сонымен қатар  хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың жүрген жері анықталды. Оның ішінде бір азамат 2020 жылдан бері туыстарымен байланыста болмаған. Төрт жыл бойы туыстары 48 жастағы ер адамның оралуынан үміт үзбеген екен. Полицияның жедел-іздестіру әрекеттерінің арқасында ер адам табылып, отбасымен қайта қауышты",  – деді ПД өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары