Қостанай облысының әкімдігі тарап жатқан ақпараттың сенімсіз екенін мәлімдеді.
Желіде Тоқаевтың Қостанай қаласын Санар деп ауыстырғаны туралы ақпарат тарады. Әкімдік ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушылары KazNews парақшасындағы жазбада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай қаласының атауын Санар деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойғанын оқып, жаңылды. Жазбада Тоқаевтың Қостанай атауының ескіргенін, оны заманауи атаумен өзгерту керегін айтқаны жазылса керек.
Қостанай облысының әкімдігі тарап жатқан ақпараттың сенімсіз екенін мәлімдеді.
"KazNews агенттігінің Қостанай қаласының атауын Санар деп өзгерту туралы ақпаратына қатысты басылымда сілтемелер немесе құжаттық дәлелдер жоқ, сондықтан мұның сенімсіз (жалған) деп мәлімдейміз", – деп хабарлады әкімдік.
Әкімдік жалған ақпарат таратқаны үшін заңды жауапкершілік бар екенін еске салды.