$ 488.91  532.62  5

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасын түрмеде өтейтін болды

Енді ол 1,5 жылын орташа режимдегі колонияда өткізеді.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Дәулет Тұрлыхановтың ұлының шартты жазасы нақты жазаға ауыстырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматыда Нұрасыл Болатқа қатысты іс қаралды. Сот оның қалған бас бостандығын шектеу мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы үкім шығарды. Енді ол 1,5 жылын орташа режимдегі колонияда өткізеді.

Айта кетейік, 2023 жылы ақпан айында Нұрасыл Болат заңгер Анна Димитриевич пен күйеуі Олег Чернов екеуін соққыға жыққан. Көп ұзамай оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Кейін Жоғарғы сот оған бас бостандығын шектеу жазасын берді. Алайда жақында ғана депутаттың ұлының түнде көшед, кейіннен тойда жүрген видеосы тараған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары