$ 494.87  520.65  4.91

Қайрат Сатыбалды анасынан айырылып қалды

Светлана Назарбаева 77 жасында өмірден өтті. 

Фото: rmebrk.kz
Фото: rmebrk.kz

Қайрат Сатыбалдының анасы Светлана Назарбаева өмірден өтті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов хабарлады. 

Светлана Назарбаева 77 жасында өмірден өтті. 

Айта кетейік, Светлана Мырзахметқызы Назарбаева ұстаз болып қызмет еткен. Сондай-ақ "Дәуір" баспасының бас директоры. 

Ол Қайрат Сатыбалдыұлының анасы. "Дәуір" мемлекеттік сатып алулар веб-сайтындағы байқауларға үнемі қатысып, осы байқауларда ұдайы жеңіске жетеді. Тек 2022 жылдың өзінде компания 100 миллион теңгеден астам сомаға келісім-шарт жасасқан.

Бұл баспаның тұрақты тапсырыс берушілері – Мәдениет министрлігі, "Бөбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Тіл саясаты комитеті.

Көбінесе тапсырыс берушілер бәсекелестікті айналып өтіп, тікелей "Дәуірге" келісімшарт жібереді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары