22.10.2024, 16:20

Ақтауда із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы қыздың жағдайы белгілі болды (ВИДЕО)

Фото: видеодан кадр

16 қазаннан бері іздестіріліп жатқан жасөспірім Жаңаөзен қаласынан табылды.

Ақтауда із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы қалалық Полиция басқармасына сілтеме жасап хабарайды.

16 қазаннан бері іздестіріліп жатқан жасөспірім Жаңаөзен қаласынан табылды.

«Ақтау қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері жасөспірімді ата-анасының арызы негізінде іздеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жоғалған қыз 22 қазан күні Жаңаөзен қаласынан табылды, – делінген полиция хабарламасында.

15 жастағы жасөспірім таңертең колледжге кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабарланған болатын.