$ 484.19  524.28  5.03

Қазақстандық оқушылар күзде 7 күн демалады

Күзгі каникул кезеңі 2024 жылдың 28 қазаны мен 3 қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады. 

Фото: © Depositphotos/ monkeybusiness
Фото: © Depositphotos/ monkeybusiness

Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:

  • «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» мектепішілік іс-шарасы;
  • «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы;
  • Мектеп оқушылары үшін «Күзгі асар» жәрмеңкесі;
  • «Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.

Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.

Айта кетейк, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары