$ 494.87  520.65  4.91

«Өмірін құрттыңыздар!»: Депутат Тұрлыхановтың қызы бауыры үшін адвокаттарды қорқытқан

Тұрлыхановтың қызы бауыры Нұрасыл Болаттың түрмеге отыруға лайық қылмыс жасамады деп есептейді. Әйел президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, Черновтар отбасын алаяқ деп айыптады.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

Заңгер Анна Чернова депутат Дәулет Тұрлыхановтың қызы өзін қорқытқаны туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Stan.kz дерегінше, заңгерлер Олег пен Анна Черновты соққыға жыққаны үшін екі жыл бас бостандығын шектеу жазасын алған Нұрасыл Болаттың үкімі бүгін бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Себебі сотталушы тойға бару арқылы пробация тәртібін бұзған. Алматы сотының шешімімен депутат Тұрлыхановтың ұлы қалған 1 жыл 5 ай мерзімін орташа қауіпсіздіктегі колонияда өтейтін болады.

"Болат Нұрасылдың әпкесі бізге қарғыс жаудырып жатыр. Біз мұны қорқыту деп есептейміз. Енді күн сайын денсаулығыма қандай зиян келеді деп қорқумен өмір сүруім керек пе? Балаларымды да атап өтіпті. Сотталушының туыстарының есіне салғым келеді, сотталушының әрекеті үшін үкім Қазақстанның жоғарғы сотымен шығарылып, жаза Медеу аудандық сотымен ауыстырылды. Мұның барлығы біз емес, заң бойынша жасалды", — делінген Анна Чернованың жазбасында.

Заңгер қоқан-лоққы тоқтамаған жағдайда сотқа қайта шағымданатынын атап өтті.

"Заңды елемеу, жауапкершілікті жәбірленушілерге жүктеу – 90-шы жылдардың қалдығы. Осы және басқа да фактілер бойынша құқық қорғау органдарына, сондай-ақ ар-намысты, абыройды және іскерлік беделді қорғау үшін сотқа шағымдануға құқылымын. Бұл отбасы бізді жайымызға қалдырғысы келмейді, жалғасын күтіп жүрген сияқты", – дейді заңгер.

Тұрлыхановтың қызы бауыры Нұрасыл Болаттың түрмеге отыруға лайық қылмыс жасамады деп есептейді. Әйел президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, Черновтар отбасын алаяқ деп айыптады.

“Екі мас адвокат бауырымды арандатып, балағаттап, ортаңғы саусағын көрсетіп, ертеңіне сотқа беру үшін телефондарын алдын ала дайындап қойған! Судья оларға "өздерінің" дәрігері жазып берген жалған медициналық анықтамасын әкелуге рұқсат берген", – деп жазды Тұрлыхановтың қызы.

Оның айтуынша, Черновтар "төбелестен кейінгі күні Тұрлыхановтың есігінің алдына сап-сау келіп", олардан 50 мың доллар талап еткен.

"Бұл қашанға дейін жалғасады? Біздің отбасымызды емін-еркін қаралайтын Черновтар кімдер? Менің ата-анам соңғы екі жылда екі рет инфаркт алды. Нұрасылға электронды білезік тақтыңыздар. Енді ше? Ол досының туған күніне осы білезіктің қуаттағышын алу үшін ғана барған. Осы үшін 21 жастағы жігітті түрмеге отырғызу қажет пе? Ол Қазақстан әскерінде борышын өтеген жігіт. Оның өмірін құрттыңыздар", – деп жазды Дәулет Тұрлыхановтың қызы.

Еске салсақ, 2023 жылы ақпан айында Нұрасыл Болат заңгер Анна Димитриевич пен күйеуі Олег Чернов екеуін соққыға жыққан. Көп ұзамай оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Кейін Жоғарғы сот оған бас бостандығын шектеу жазасын берді. Алайда жақында ғана депутаттың ұлының түнде көшед, кейіннен тойда жүрген видеосы тараған еді. Енді Дәулет Тұрлыхановтың ұлының шартты жазасы нақты жазаға ауыстырылды. Алматыда Нұрасыл Болатқа қатысты іс қаралды. Сот оның қалған бас бостандығын шектеу мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы үкім шығарды. Енді ол 1,5 жылын орташа режимдегі колонияда өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары