$ 495.2  522.34  4.94

Маңғыстау облысының әкімдігі 40-қа жуық жетім баланы үй кезегіне қоймаған

Жаңаөзен қаласында жүргізілген талдау барысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім баланың тұрғын үй кезегіне қойылмағаны анықталды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Маңғыстау облысында 40-қа жуық жетім баланың үй кезегіне қойылмағаны анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаңаөзен қаласында жүргізілген талдау барысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім баланың тұрғын үй кезегіне қойылмағаны анықталды.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабына сәйкес жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қоюға міндетті.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде барлық балалар тұрғын үй кезегіне енгізілді.

Заңдылықтың бұзылуына жол берген ТКШ бөлімінің бас маманы тәртіптік жауаптылыққа тартылды», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары