23.10.2024, 17:40

4 жігіт жасөспірім қызды зорлаған: Талғарда тағы бір жантүршігерлік оқиға болды

Фото: Elements.envato.com

Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бақылауында.

Алматы облыстық полиция кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер төрт күдіктіні де анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайлары анықталып жатыр", – деп хабарлады ведомстводан.