$ 494.87  520.65  4.91

Талғардағы «қашқын»: Жұмысына салғырт қараған полицейлердің үстінен іс қозғалды

Кінәлілерді жауапқа тартамыз.

Фото: коллаж Stan.kz
Фото: коллаж Stan.kz

Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктінің жағдайы бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ішкі істер министрлігі Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан зорлау бойынша күдіктінің қашу фактісін тексеріп жатыр. Мұны Мәжіліс алаңында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді.

"Барлық шара қолданылып жатыр. “Немқұрайлық” бойынша іс қозғалды. Кінәлілерді жауапқа тартамыз", – деді Лепеха.

Мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Негізгі бағыттарда бақылау бекеттері бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 6
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары