$ 486.65  524.46  5.05

«Үй иесін пышақпен қорқытқан»: Шымкентте тапа-тал түсте пәтерді тонамақ болған

Келтірілген шығынның жалпы көлемі – 800 мың теңге.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Шымкентте пәтер тонаған тараздық екі азамат ұсталды. Екі ер адам күндізгі уақытта біреудің пәтеріне ұрлыққа түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Олар үй иесін пышақпен қорқытып, алтын бұйымдар мен ақша ұрлап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы көлемі – 800 мың теңге", – делінген полиция хабарламасында.

Жәбірленуші болған оқиға туралы полицияға хабарлаған. Абай аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, барлық куәгерден жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерген. Күдіктілер Тараз қаласында ұсталды. Қазір олар қамауда отыр, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары мұндай қылмыстардың құрбаны болмас үшін қырағы болуға және сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары