Күдіктіге негізгі қылмысынан бөлек қамаудан қашқаны үшін айып тағылады.
Талғар ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен айыпты құрықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті К. Тереңқара ауылының шетінде ұсталды. Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды. Сондай-ақ іздеу шараларына қоғам белсенділері мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар атсалысты», - делінген хабарламада.
Жергілікті полицияның мәліметінше, күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Күдіктіге негізгі қылмысынан бөлек қамаудан қашқаны үшін айып тағылады», - дейді құзырлы департаменттен.