25.10.2024, 15:30

«Әлем аруы» халықаралық байқауына Қазақстан атынан Мадина Әлмұханова бақ сынамақ

Фото: Мадина Әлмұханова Instagram парақшасынан

Мадина 28 қазанда Мексикаға аттанады.

24 жастағы қазақстандық Мадина Әлмұханова 16 қарашада Қазақстан атынан халықаралық "Әлем аруы" байқауына қатысады. Мексикада өтетін байқауда аруға қазақы көйлекті қырғызстандық дизайнер Арзубек Вонама тігіп берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

28 қазанда Мәдина Әлмұханова 16 қарашада «Әлем аруы-2024» финалы өтетін Мексикаға барады.

Мәдина 18 жасынан бастап модельдік салада жұмыс істейді. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжін хормейстер-дирижер мамандығы бойынша бітірген.

Мадина 28 қазанда Мексикаға аттанады. 1 қазаннан 6 қазанға дейін бізде байқауға дайындық жұмыстарына қатысады. 

“Әлем аруы” байқауының ұйымдастырушылары бізге, кешкі көйлек, суға түсетін киім (купальные наряды), финалда киетін кешкі костюмды үйлестіреді. Сонымен қатар ұлттық киімімізді де паш етеміз. 

Бұдан басқа екі апта уақытта үлкен кешкі ас, президентпен кездесу және тағы басқа да мерекелік іс -шараларға қатысамыз. Осы екі аптаны асыға күтудемін. Барымды салуға тырысамын. Байқауда еімізді лайықты түрде көрсетуге еңбек етемін”, – деді Мадина. 

Мадина 18 жасынан бастап D&G, Intertop, Gucci, YSL және т.б. ірі брендтердің шоуларына қатысып, кәсіби түрде модельдікпен айналысқан. Ал алда күтіп тұрған әлемдік сайысқа бір жыл дайындалғанын алға тартты.