$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірген ер адамға үкім шықты

Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қарағандыда әйелін балаларының көзінше өлтірген 51 жастағы ер адам сотталды. Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушының өзі бұл шешіммен келіспей, аппеляцияға беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әйелін балаларының көзінше пышақтаған ер адам бас бостандығынан айырылып, моральдық өтемақы төлеуі керек. 

“Таймасовты 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтелсін. Жазасын өтеу мерзімі ұсталған кезден бастап есептеледі. Жәбірленуші Өмірзақованың пайдасына моральдық шығын үшін 20 миллион теңге өндірілсін”, – деді судья Самал Аринова.

Қайғылы оқиға сәуірдің соңында болған. Ер адам бір ай жұмыс істемегендіктен, ерлі-зайыпты арасында жанжал туындаған. Әрі Таймасов мас болған.

Балалар жанжал кезінде учаскелік полиция қызметкерін де шақырған. Ол келіп, арызды қабылдағанымен, қаскөйді ұстамады.

Тәртіп сақшысы кете салысымен ер адам әйелге үш рет пышақ сұққан. Гүлмира Таймасова ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

Сот барысында сотталушы кінәсін мойындады. Оның адвокаты тоғыз жыл жаза беруді сұрағанымен, судья қатаңырақ жаза беруді шешті. 

Ерлі-зайыптының 15 және 17 жастағы екі баласы 81 жастағы нағашы әжесінің қолында болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары