26.10.2024, 15:30

Астанада көлік жөндеу орталығында бір көлік жанып кетті

Фото: Astana.tv

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Астанада көлік жөндеу орнында өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Техникалық қызмет көрсету орталығы төрт қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Ол жерде көліктерді бояу цехы орналасқан. Жоғарғы қабаттардан 30-ға жуық адам өз күшімен сыртқа шыққаны айтылды. Өрт орнында тұрғындарға арналған жылу орталығы орнатылған.

Өрт салдарынан 1 жеңіл көлік жанып, 9 автокөлік жалын әсерінен зардап шеккен. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

20 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді.