26.10.2024, 14:30

28-29 қазан күндері Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі.

Сапар аясында бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.