Оқиға Жетісу облысындағы «Қорғас» бекеті аумағында болған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті елден киік мүйіздерін заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Комитеттің мәліметінше, бұл іс полицияға тапсырылды. Оқиға 17 қазан күні Жетісу облысындағы «Қорғас» аумағында болған.
«ҰҚК Шекара қызметі департаменті аймақтық полиция және ҰҚК бөлімшелерімен бірлесіп, 991 дана киік мүйізін елден шығару әрекетін тоқтатты», – деп жазылған хабарламада.
Облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметіне сәйкес, қылмыстық әрекеттен келген шығын 2 миллиард теңгеден асады.