27.10.2024, 00:30

Қостанай облысында жеңіл көліктің түгі қалмай өртеніп кетті (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынды

ТЖМ азаматтарды сақ болуды ескертті.

Қостанай облысының өрт сөндірушілері жанып жатқан көлікті сөндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Қостанай ауданы Ульянов ауылының маңындағы автожолда орын алды. Жеңіл автокөліктегі өрт ТЖМ күштерімен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтарды сақ болуды ескертті.