Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Нұра ауданы Ш.Айтматов көшесі бойында жеңіл автокөліктің өртенуі орын алды.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда", - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
ТЖМ автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.