27.10.2024, 10:30

«Түркістан облысы көш бастап тұр»: Елімізде Республика күні 850 сәби дүниеге келді

Фото: freepik

Дүниеге келген сәбилердің ішінде 7 егіз, 434 ұл, 416 қыз бар екен. 

Денсаулық сақтау министрлігі Республика күні елімізде 850 сәбидің дүние есігін ашқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрлік мәліметінше дүниеге келген сәбилердің ішінде 7 егіз, 434 ұл, 416 қыз бар екен. 

Тәуліктік туу бойынша көшбасшы 122 бала туған Түркістан облысы болды, екінші орында Астана, онда 89 отбасында толығу атап өтілді, үшінші орында – Алматы, мұнда 88 сәби дүниеге келді.  

“Жүкті әйелдер мен босанған әйелдердің денсаулығын сақтау мақсатында босандыру қызметінің өзекті мәселелері бойынша республикалық және өңірлік сараптамалық кеңестер барлық жерде жұмыс істейді, ауыр жағдайда әйелдерді емдеуге жатқызу үшін жеке посттар ұйымдастырылған, сондай-ақ мамандардың қатысуымен жүкті әйелдерге тәулік бойы мониторинг жүргізіледі”, – делінген хабарламада.