$ 494.87  520.65  4.91

«Маған да оңай тимейді»: Бишімбаев сотындағы прокурор желіде жазба жариялады (ВИДЕО)

Барды бардай, жоқты жоқтай қабылдауды өмір өзі үйретті.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Қуандық Бишімбаев соты арқылы танылған прокурор Айжан Аймағанова желіде бұған дейін көпке танымал болуға құмартпағанын, көмек сұрағандарға көмек бере алмай қалатын жағдайлар қынжылтатынын айтып, жан сырын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айжан Аймағанованың жазбасы прокурордың Instagram-дағы жеке парақшасында жарияланды.

"Осы жартыжылда өмірге деген көзқарасым күрт өзгерді – көпшілікке танымал болдым. Осы жағдай мені қынжылтады. Шынында, мен көпшілікке танымал болуға ешқашан тырыспаған адаммын, ол үшін жанымды салып, жарқырап жүруге ешқандай құмарым да, құлқым да жоқ. Абай айтқандай, "өзіңде бармен көзге ұрып, артылам деме өзгеден". Бірақ өмір өз ережелерімен жүргізеді екен. Осы танымалдылықтың арқасында көмек сұрағандар да бар, біреулеріне шама жетіп жатса, өкінішке қарай, көмек бере алмай жатқан жағдай да бар. Шама жетпейді, ол маған да оңай тимейді. Әрине, бәріміздің көзқарасымыз әртүрлі, бәрімізді біріктіретін нәрсе – Адам болуға ұмтылыс. Жазбай тұрып, көп толғанамын, ойланамын, өз-өзімді сынаймын, сіздердің сынды қабыл аламын. Бірақ, шынымды айтсам, жазба жазып, масаттана қоймаймын. Барды бардай, жоқты жоқтай қабылдауды өмір өзі үйретті", - деп жазады Аймағанова.

Еске салсақ, сәуірдің басында прокурор Айжан Аймағанова Instagram желісіндегі парақшасын көпшілікке жария еткен болатын. Ал оған дейін желіде оның бірнеше жалған парақшасы пайда болған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары