$ 485.11  523.82  5.02

Алматыда «Астана» - «Ақтөбе» матчы алдында қайғылы жағдай орын алды

Жайсыз хабарды клуб басшылығы команданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады.

Фото: "Астана" ФК
Фото: "Астана" ФК

Бүгін «Астана» футбол клубының жанкүйерлер қауымында қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Клубтың бір топ жанкүйері «Астана» - «Ақтөбе» матчы өтетін Алматы қаласына барар жолда жол-көлік оқиғасына тап болып, қаза тапты. Жайсыз хабарды клуб басшылығы команданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады.

“Қайғырып көңіл айтамыз… Елордалық клуб жанкүйері Нұрлан Ауғанбай ауыр жарақат алып, көз жұмды, ал үш жанкүйер түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханада жатыр”, делінген клуб хабарламасында.

Сондай-ақ «Астана» футбол клубы марқұмның туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, қабырғасы қайыса көңіл айтты. 

Ал ауруханаға түскен жанкүйерлеріне тез арада сауығып кетуіне тілек білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары