28.10.2024, 11:00

«Бұндай басқа халықта болмаған»: Белгілі саяхатшы ата-бабаларымыздың бірнеше құрлықта билік құрғанын айтты (ВИДЕО)

Біздің бабаларымыз 23 елдің тағында отырған.

Qasqa Jol YouTube арнасына белгілі меценат, саяхатшы Сапар Искаков сұхбат беріп, ел мен жердің тарихы мен ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолына кеңірек тоқталды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Саяхатшының айтуынша, біздің бабаларымыз 23 елдің тағында отырған. Яғни, көп елде басшылық дәрежеде қызмет еткен. 

2016 жылы экспедицияға шығып, алты жыл араладық. Сапарымызды Алтайдан бастадық. Алтай – біздің алтын бесігіміз бәріміз сол жерден шыққанбыз. Кәрістер де, жапондар да, Америкада тұратын үндістер де осы Алтайдан тараған. Ол жақты жердің кіндігі деп те айтар едім. Алты жылдың ішінде төрт құрлықта болдық. Олар - Америка, Азия, Африка және Еуропа. Қазақстанның барлық облысында болып материал жинадық. Қай жерде біздің бабаларымыз тұрды, олар ол жерде не істеді деген сұрақпен барлығын қопардық. Осы алты жылдық еңбектің арқасында менің білгенім: біздің бабаларымыз 23 елдің тағында отырыпты. Бұндай жағдай басқа халықтарда болған жоқ. Бабаларымыз Ресейдің, Еуропаның, Африканың тағында отырған. Сұлтан, әскери қолбасшы дәрежесінде басқарған. 130 материал тапсырдық. Соның көбі эфирден көрсетілді. Ресей мен Украинаға қатысты көрсетілмегендері де бар. Бұл саяси жағдайға қатысты болуы мүмкін, - деді ол. 

Меценат біздің бабаларымыз Ресейдің жерінде де тақта отырғанын орыстар жоққа шығара алмайтынын айтты. Өйткені оның барлығы тайға таңба басылғандай тарих беттерінде жазулы тұр. 

Иван Грозный 11 айға біздің бабамыз Сайынболат Бекболатұлын өзінің орнына қойып кеткен. Ол Ноғайдан шыққан, Қыпшақ тұқымдас, Қасым хандығының ханы. Мәскеуден 220 км жерде «Касымов» деген қала бар. Ол 200 жылдай жеке мемлекет ретінде өзінің хандарымен жеке қала болып тұрды, - деді Сапар Искаков. 

Бұдан бөлек, Сапар Искаков Бейбарыс Сұлтан туралы да тың деректер айтып, өз тарихымыздан хабарымыз аз екеніне күйінді. Қазақ тарихына қатысты осы және өзге де ақпаратты білу үшін сілтемеден өтіңіз: "Шыңғысхан болмағанда Қыпшақстан болар ма едік" - Сапар Искаков