28.10.2024, 15:40

«Анашым раббысына қайтты»: Құрманай Бақтиярқызының баласы жазбасымен елді жылатты

Фото: massaget.kz

Жақсы көретін, дұға арнайтын қазақ елі бар!

Отандық танымал сазгер Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті. Өнер иесінің баласы қаралы хабар тараған соң желіде әсерлі жазба жариялап, елді жылатты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құрманай Бақтиярқызының перзенті оның Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырған. Ол көңіл айтып, анасына деген махаббатын жеткізіп жатқан халыққа алғысын айтты.

"Анашым раббысына қайтты. Дұғада болыңыздар. Артында дұға арнайтын ата-анасы, бауырлары, үлкені Ханшайым, Толғанай кенжесі Сұңқар! Немерелері Ақберен мен Арыстан. Жақсы көретін, дұға арнайтын қазақ елі бар! Анама деген махаббаттарыңызға рақмет", - деп жазды сазгердің баласы.

Айта кетейік, бүгін Құрманай Бақтиярқызының өмірден өткені белгілі болды. Өнер иесі ұзақ уақыт бойы ауыр дертпен күресіп, жеті мәрте от жасатқан еді.