$ 494.87  520.65  4.91

Бишімбаевтың жазасын жеңілдетпек болған әйел сотта соңғы сөзін айтты

Сот процесі алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр. Бүгін оларға 6 сұрақ қойылды.

Фото: ғаламтор
Фото: ғаламтор

Астана сотында 100 млн теңгеге бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берді деп айыпталған қала тұрғыны Людмила Грачеваның ісін қарау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сот процесі алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр. Бүгін оларға 6 сұрақ қойылды.

Алқабилер осы іске айыпталушының нақты қатысы бар ма, бұл әрекетті жасағаны үшін ол кінәлі ме екенін анықтауы керек.

Айыпталушы сотта соңғы сөзін айтты. 

"Ешкімді өлтірген жоқпын, зорлық-зомбылық жасамадым, есірткі таратпадым. Мен жеке адамға және мемлекетке қарсы қылмыс жасаған жоқпын. Прокурор мені 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Не үшін? Шындық үшін бе? Менің әрекеттімде қылмыс құрамы жоқ, кінәм дәлелденбеді", - деді ол.

Осыған дейін осы іс бойынша мемлекеттік айыптаушы сотталушыға қатысты 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары