$ 488.91  532.62  5

Жамбыл облысындағы бір ауылда екі жасөспірім өзіне қол жұмсаған

Қайғылы оқиға Байзақ ауданының Түймекент ауылында екі күн қатарынан болды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жамбыл облысындағы бір ауылда екі жасөспірім өзіне қол жұмсаған. Облыстық прокуратура өзіне қол жұмсау туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ҚазАқпараттың жазуынша, қайғылы оқиға Байзақ ауданының Түймекент ауылында екі күн қатарынан болды.

Байзақ аудандық полиция бөлімі қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы, 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жарияланбайды», - делінген Жамбыл облыстық ПД хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 7
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары