Оған 2 415 000 теңге айыппұл салынды.
Апелляциялық сот Мақат ауданының экс-әкімі Ринат Ибрагимовтың бұрынғы әйелін ұрып-соғу ісі бойынша үкімін қайта қарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Апелляциялық сот жәбірленушіні Ибрагимовке қаржылай тәуелді емес деп тапты. Өйткені ол кәсіпкерлікпен айналысады және жеке кірісі бар екен.
"Жәбірленушінің сотталушыға қаржылай тәуелді екені дәлелденген жоқ. Жәбірленушінің кәсіпкерлікпен айналысқаны туралы құжаттар ұсынылып, оның есепшотына ақша аударылғаны анықталды", – деді сот.
Сондықтан экс-әкімнің әрекеті қайта сараланып, оған 2 415 000 теңге айыппұл салынды.