Ал Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлі танымал композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызы болып шықты.
Қыз зорлады деп айыпталған танымал боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, боксшыға қатысты қылмыстық іс 2024 жылдың 20 қазанында тоқтатылған.
“Іс жүргізу аясында сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама жүргізіліп, сараптама қорытындылары бойынша зорлау фактісі расталмады”, – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін боксшы Жанқош Тұраровтың қыз зорлады деген күдікке ілінген. Ал Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлі танымал композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызы болып шықты. Бұл туралы қазақстандық БАҚ өкілдері жарыса жазған.