Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбектің ұсталғанын Шымкент полициясының баспасөз қызметі жоққа шығарды.
Әлеуметтік желіде танымал заңгер Айгүл Орынбектің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Шымкент полициясының баспасөз қызметі бұл сыбысты жоққа шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Шымкент қалалық полиция бөлімінен Айгүл Орынбектің ұсталмағанын хабарлаймыз”, - делінген қалалық ПД мәлімдемесінде.