$ 494.95  525.49  5.05

Карина Мамаш қорлық көрсеткен бұрынғы дипломат күйеуімен ресми түрде ажырасты

Келіншек жаңалығын Instagram желісіндегі оқырмандарына айтты.

Фото: Spletnik
Фото: Spletnik

Күйеуінен азап көрген Карина Мамаш Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамашпен ресми түрде ажырасқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Келіншек жаңалығын Instagram желісіндегі оқырмандарына айтты. Осыдан кейін ол ұлының еміне 30 миллион еуро керек екенін мәлімдеді.

"Ұлымның тірек-қимыл аппаратында проблемалары бар. Аяғы ақсап, бүгіп жүреді. Үш жерге ота жасау керек", – деді Карина Мамаш.

Сондай-ақ ол соңғы жайттардан кейн қорқып қалғанын айтты. Сөзінше, ұйқысы бұзылған. Дағдарыс орталығына көшкен сәттен бастап ұйқысы қашып, алғашқы 3 айда тамақ ішпеген.

"Түсімде жылап, айқайлап оянатынмын, анам мені оятады. Стрестен шошып қалдым. Демала алмай қалатынмын, ауа жетпейдіы. Кеуде тұсым мен жүрегім адам төзгісіз ауыратын. "Балаларымды тастап кете алмаймын, олар менсіз қалай жүреді" деген бір ғана ой маза бермейтін”, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары