30.10.2024, 12:00

«Өзіме нық сенімдімін»: Айгүл Орынбек жалған ақпарат таратқандардың жауап беретінін айтты

Фото: facebook.com

Жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап бересіңдер!

Михаил Козачков Telegram-дағы арнасында заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбектің ұсталғаны туралы жазды. Алайда Шымкент полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды. Осы орайда заңгер әлеуметтік желідегі парақшасында өзі турала тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, — деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Сыбайласқан жемқорлықпен күрес жолында кедергілер мен жала жабу болады! Жемқорлар мен сыбайласқандар өздерінің қылмыстары ашылмас үшін бәріне баратыны белгілі емес пе?! Қоғам белсендісі болған күннен бастап, маған жала мен қаншама қылмыстық іс ашылып, қылмыстың құрамы болмаған соң жабылған!

Шыны керек басымнан өтіп жатқан қылмыстық істердің, соттардың бірде біреуін халықпен бөліспегем. Ел алдында жүрген соң, әр ашылған іске сорам ағып жылап жүрсем, халықтың болашаққа деген үміті үзіледі емес пе? Мен өзімнің жасаған әрбір іс-әрекетім заңды екеніне нық сенімдімін!", - деді ол. 

Сонымен қатар өзі туралы жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап беретінін айтты.

"Реформа болу үшін әрекет болу керек, ол әрекеттер кедергісіз болмайды. Осыншама халықтың, мені қолдағанын оқып қуанып отырмын. Мені қолдауға жиналудың қажеті жоқ, мен де бәрі жақсы. Арқамда мен үшін жиналатын бір қауым ел барына көздерің жетті ма?! Маған қатысты заңсыз іс -әрекет жасағандар, аяғымнан шалғысы келгендер, жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап бересіңдер! Өмір -күрес, күрес арқарай жалғасады!", — деп түйіндеді заңгер.