30.10.2024, 16:40

Жаркентте зейнеткер әйелін пышақтап өлтірді

Фото: Pixabay

Әйел алған жарақатынан ауруханада көз жұмған.

Жетісу облысының Полиция департаменті ақпаратты растады. Оқиға 2024 жылдың 27 қазанында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

65 жастағы азаматтың екінші топ мүгедектігі болған. Зейнеткер психикалық ауытқу кезінде жұбайына пышақ сұққан. Әйел келесі күні ауруханада көз жұмған. Ал ер адам оқиғадан кейін өзін пышақпен жарақаттап, суицид жасауға тырысқан.

"Панфилов ауданының полициясы 65 жастағы азаматтың әйелін өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Әйел алған жарақатынан ауруханада көз жұмған", - деді полиция.