30.10.2024, 18:00

Алматыда күзетшіні қатігездікпен өлтірген күдіктіге қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды

Фото: Видеодан алынған кадр

Қалалық полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. 

Алматыда "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісін көлікпен бірнеше рет қағып өлтірді деп айыпталған бұрынғы депутаттың ұлына қатысты іс қайта қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Күдікті қамауға алынды. Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу сот-психиатриялық сараптамаға байланысты үзілген еді. Қазір өндіріс қалпына келтіріліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жіберіледі", – деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.