$ 495.2  522.34  4.94

«Жаңбыр, қар, көктайғақ»: Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Елдің батысында күн жылынады.

Фото: Xuanyu Han/Getty Images
Фото: Xuanyu Han/Getty Images

Қазгидромет алдағы күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, көктайғақ пен тұман күтіледі. 1 қарашада республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жел күшейеді деп күтілуде. Күндіз ауа температурасының жоғарылауы болжануда. Елдің батысында +12+17°С, солтүстік-батыста және солтүстікте +7+15°С, солтүстікте, шығыста және орталықта +4+9°С, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +12+17°С, ал таулы аймақтарда +3+8°С», — делінген Қазгидромет хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 6
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары