Жарайсың бауырым өнерің өрге жүзсін!
Испанияның Барселона қаласында домбырамен әнұран орындаған дәстүрлі әнші Бек Нұриддинұлының әрекеті желі қолданушыларын сүйсінтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның орындауындағы әнұранды өтіп бара жатқандар жылы қабылдады. Әнші алдымен Қазақстанның мемлекеттік әнұранын орындаса, артынша Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқайды.
«Керемет дауыс», «Дауысы тамаша екен», «Жарайсың бауырым, жарқ ете қалшы, Алла қаласа бауырым жұлдыз болып», «Жарайсың бауырым өнерің өрге жүзсін», - деп жазды желі қолданушылары.