01.11.2024, 19:00

Исландиялықтар төрт күндік жұмыс аптасына көшті: Мұндай жаңашылдық бізге де керек пе

Фото: Pixabay.com

Жалпы, бұл әдістің негізгі мақсаты - әлеуметтік, экономикалық жағдай мен еңбек өндірісін дамыту.

Исландияда азаматтар толық айлықпен төрт күндік жұмыс аптасына көшті. Осы орайда Skifnews.kz ақпарат порталы мұндай қысқартулар біздің елімізге де керек пе деген сауалға жауап іздеп оның артықтышылықтары мен кемшін тұстарына толығырақ тоқталмақ.

Исландияда қалай?

Талдау орталықтарының мәліметі бойынша, 2020-2022 жылдар аралығында Исландиядағы жұмысшылардың 51%-ы жалақыны сақтай отырып, төрт күндік жұмыс аптасына көшкен. Тәжірибе көрсеткіштерді төмендетіп қана қоймай, экономикалық өсімге әкелді. 2023 жылы Исландия экономикасы Мальдив аралдарынан(+5%) кейінгі өсу қарқыны бойынша еуропалықтардың арасында екінші орынға шықты. Елдегі жұмыссыздық деңгейі Еуропадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі болды.

Қазір бұл өнімділік әлі де осындай тіпті өскен болуы да мүмкін. Жұмысшылардың әл-ауқаты күрт өскен. Себебі бірқатар көрсеткіштер бойынша олардың денсаулығынан бастап, жұмыс пен өмірдің тепе-теңдігін сақтауға, бәрінен жалығып шаршауының алдын алуға жұмыстар істеліп жатыр.

Төрт күндік жұмыс аптасы Германияда да оң нәтиже көрсетті. Қатысушы компаниялардың 73%-ы қысқартылған кестені тұрақты негізде енгізді, ал кейбірі әлі тәжірибе жүргізуде. 45 компанияның 10-ында түскен табыс тұрақты болып қалды. Қызметкерлер қажетсіз кездесулерді тоқтатып, күнделікті жұмыс (Excel тізімдерін редакциялау) жасанды интеллектке берілді.

Жұмысшыларды, әсіресе, білікті жұмысшыларды жалдау оңайырақ болды.

Сонымен қатар кемшіліктер де жоқ емес. Мысалы, Еurolam терезе өндірушісіне тапсырыстарды орындауда терезелерді қазіргі жөндеумен біріктіру қиынырақ болды. Қарапайым тапсырмаларды автоматтандыру қызметкерлерге қиын. Бұл кеңседегі жұмысты жалықтыратындай етті. Аптасына төрт күн жұмыс істеуге үйренгендерге кері ауысу өте қиын.

Қазақстанға оралсақ...

Қазақтанда биыл енгізілуге тиіс 4 күндік жұмыс аптасын Еуропа елдерінің біразы тәжірибе ретінде қолданып, кейбірі енгізіп те қойған. Жалпы, бұл әдістің негізгі мақсаты - әлеуметтік, экономикалық жағдай мен еңбек өндірісін дамыту.

"Бұл адамдардың бос уақытына көбірек уақыт бөлу үшін ойластырылған. Демалыста адам не істейді? Қыдырады, демалыс орындарына барады, сауданы көбірек жасайды. Нәтижесінде қаржы айналымы өседі. Жұмыста отырған адам ақша жұмсамайды", - дейді экономист Арман Бейсенбаев.

Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, аптасына 4 күн жұмыс істеу адамның әл-ауқаты мен денсаулығына оң әсер етеді. Бірақ жұмыс жүктемесі ұлғая түседі. Қазір кейбір қазақстандық компаниялар да бұл тәсілдің артықшылықтарына және оның қызметкерлердің жұмыс пен өмір тепе-теңдігіне әсеріне қызығушылық танытып жатыр.

Пайдасы: Отбасыңызға уақыт бөлуге, жақсы көретін ісіңізбен айналасуға және жеке істеріңізбен айналысуға әбден болады. Кемшіліктері: жұмыс көлемі өзгеріссіз қалады. Бұл жұмыс уақытында көбірек жұмыс жасауға, уақытты тиімдірек басқаруға, жұмыс көлемінің артуы процесстерді автоматтандыруға алып келеді.

Жұмыс берушілер үшін қандай жеңілдіктер мен қиындықтар бар?

Артықшылықтары: жұмыс беруші ең жақсы қызметкерлерін ғана тартып, компания қызметкерлері өте белсенді жұмыс жасауы арқылы кірістер әкеліп, өздері де табысқа жетуге үлкен мүмкіндік. Қиындықтары: барлық қызметкер, сондай-ақ компаниялардың басшылары немесе құрушылары өзгерістерге дайын болмайды. Процестерді өзгертуге емес бәрін бұрыңғы жолмен жасауға тырысады. Тиісінше, жұмыс уақытының қысқаруымен өнімділіктің төмендеу қаупі бар. Бұл әсіресе өндірісте байқалуы мүмкін. Осы жағдай компаниялардың қаржылық көрсеткіштеріне әсерін тигізеді.

Еске салайық, Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасына көшу мүмкіндігі 2021 жылдан бері талқыланып келеді. Сол жылы кейбір еуропалық елдер көшуді бастады. Исландия 40 сағаттан аз қысқа жұмыс аптасына көшті.

Қазақстанда 2023 жылдың шілдесінен бастап 4 күндік жұмыс аптасы пайда болады делінген. 1 шілдеден бастап мұндай өзгерістер Еңбек кодексіне қабылданған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңымен енгізілді. Бірақ бұл барлық қазақстандықтар аптасына 4 күн жұмыс істей бастайды деген сөз емес. Біз тек заң саласындағы жұмыс берушілерге осындай мүмкіндік ашатынын айтып отырмыз.