Бағдарламаға қатысқан енелердің бірі келінді қатты ұстау керектігін айтты.
Желіде Әйкерім Есенәлі тізгіндеген «Тату-тәтті» реалити-шоуының үзіндісі тарап, халық арасында талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бағдарламаға қатысқан енелердің бірі келінді қатты ұстау керектігін айтты.
Келіндерімді үлкен енелердің мектебінен өткіземін деп шашымның жартысы ағарып кетті. Барлық нәрсе келінге байланысты. Келін келді ме ене қандай болса да көну керек. Мен аяқ киімімді ешқашан өзім кимеймін. Немере келінім кигізеді. Тәртіп болуы керек. Өсек айтпауы, ұнамаса бетіме айтуы шарт. Өйткені мен баламды, ол менің баламды жақсы көріп отыр. Бір адамды жақсы көріп отырмыз, — деді кейіпкер.
Тағы бір қатысушы келін ештеңеге, ешкімге міндетті емес екенін алға тартты.
Келін міндетті емес. Біз өзіміз тұрып шайымызды ішеміз. Оқыған, көзі ашық енелердің қатарынанмын, — деді ол.
Желі қолданушылары болса, түрлі пікірді жарыса жазуда.
«Аяқ киіміңді өзің киюің үшін тамақты азырақ ішу керек. Келін де біреудің мәпелеп отырған қызы», «Келіннің даналығынан не пайда, барған жерің дана болмаса», «Осындайлардың кесірінен еліміз ажырасудан бірінші орын алады», «Қарттар үйіне кететін кемпір екен», — деді олар.