01.11.2024, 12:00

Ахмад, Ибрагим және Әбдікәрім: Ақтөбеде үшем дүниеге келді

Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Сәбилердің туған кездегі салмағы 2655, 2255 және 2355 гр.

16 қазанда облыстық перинаталдық орталықта Ахмад, Ибрагим және Әбдікәрім есімді ұлдар өмірге келді. Сәбилердің туған кездегі салмағы 2655, 2255 және 2355 гр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

15 күн бойы жаңа туған нәрестелер мен 32 жастағы ананың денсаулығын орталық мамандары бақылап отырды.

Айсана мен Батыржан енді 7 баланың ата-анасы. Жас отбасы үшемдерге дейін 3 қыз бен бір ұл тәрбиеледі.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 13 618 жаңа туған нәресте дүние есігін ашты. Облыстық перинаталдық орталық дәрігерлерінің көмегімен 10 айда 74 егіз және 3 үшем туылды.