Сот оның өтінішін қанағаттандырған жоқ.
Бүгін Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А-ға қатысты кәмелетке толмаған адамды зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау фактілері бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сотта прокурор А.-ны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан. Ол денсаулық жағдайын алға тартып, жазаны өтеуді кейінге қалдыруды сұраған. Сот оның өтінішін қанағаттандырған жоқ.
«Істің мән-жайын және А-ның жеке басын ескере отырып, оған түпкілікті 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ А. өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», - делінген соттың хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.