02.11.2024, 02:30

3 адам қаза тапты: Ақмола облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты

Фото: Видеодан алынған кадр

Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің 25 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған, екі жолаушы ауруханада көз жұмды.

Ақмола облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz апарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің 25 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған, екі жолаушы ауруханада көз жұмды.

Степногор-Зоводской жолындағы темір жол өткелінде Audi автокөлігі бос цистерналармен келе жатқан локомотивке соғылған. Қаза тапқан үш адамнан бөлек, тағы үш жолаушы түрлі жарақатпен Степногор қаласындағы ауруханаға жеткізіліпті. Қайғылы оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

“Оқиға орнында автокөлік жүргізушісі қайтыс болды, екі жолаушы ауруханада көз жұмды, тағы үш жолаушы түрлі жарақатпен Степногорск ауруханасына жеткізілді. Тергеу шеңберінде апаттың мән-жайы мен себептері белгіленіп, тергеу жүргізіліп жатыр”, – дейді Ақмола облыстық полиция департаменті ақпарат-саясат бөлімінің жетекші маманы Анар Нүкенова.