$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық белгілі кәсіпкер Дана Қанапина өмірден өтті

Ол кәсіпті күйеуі Асқар Қанапинмен бірге жүргізген.

Фото: Дана Қанапинаның жеке архивінен
Фото: Дана Қанапинаның жеке архивінен

Астанада танымал болған кондитерлік дүкендер желісінің басшысы Дана Қанапина қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дана Қанапина кондитерлік өнердің шебері ретінде ғана емес, сонымен қатар бизнеске деген көзқарасымен және жергілікті аспаздық мәдениетін дамытуға тырысып жүретін. Ол кәсіпті күйеуі Асқар Қанапинмен бірге жүргізген.

Қаралы хабарды журналист Динара Сәтжан жеткізді.

"Қара суық хабар келді. Белгілі кәсіпкер @danakanapina өмірден өтті… Қазанның басында әңгімелескенбіз. Жаман аурумен ауырса да, бизнесті тоқтамай жүргізді. @la_creme_astana @delish.astana @pate.pirogi бұның бәрі Дананың туындысы. Оның іскерлік тарихы мені әрқашан таң қалдырды. Бірнеше жыл бұрын Хайвиллде шағын кондитерлік цех ашқан. Қысқа мерзімде үлкен желіні жасай алды. Дана еңбекқор еді! Сонымен қатар өте қарапайым адам. Отбасына шын жүректен көңіл айтамын. Иманы серік болсын!" – деп жазды Динара Сәтжан.

Кейін марқұмның желідегі парақшасында өлімі туралы ақпарат пайда болды. Онда Дана Қанапинаның жерлеу рәсімі 3 қарашада Астанада өтетіні жазылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары